Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміртордың өміріне қызықпаңдар – Асылбек Төребеков

26.09.2023, 17:53 139

HALYQLINE.KZ

2023 жылдың 25 қыркүйек күні пробация есебінде тұрған бірнеше азамат Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің жай күйімен танысты. Бұл шараның басты мақсаты – есепте тұрған азаматтар тәртіп сақтамай жаза басатын болса, осы мекемеде жазасын өтейтіндігін түсіндіру.

Арнайы өткізілген шараға Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары Бек Мусабаев, Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі Даулет  Сәдуақасов, сондай-ақ, мекеме бастығы әділет майоры Қайырбек Ильясов қатысты. Оқшаулауға байланысты жаза түрімен сотталған азаматтарға мекеменің толық тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, бұл экскурсияға Қызылорда облысының әр аймақтан жиналған 43 есептегі азамат пен оларға жауапты инспектор қызметкерлері қатысты. Алдағы уақытта өздеріне тағайындалған тәртіптік жазаны сақтамай, қоғамға зиян келтірген азаматтар болатын болса, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылып, дәл қапаста өмір сүретіндігін жеткізді. Бұл түсіндірме жұмыстары есептегі азаматтарға сабақ болып, алдағы өмірлерінде жаза баспай, тыныш өмір сүріп, тәртіпке бағынуға шақырады.

Экскурсия барысында Режим және Күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Асылбек Төребеков, мекемедегі сотталған азаматтар жататын камераны, асхананы және мекеме аумағын толықтай көресетіп, теміртордың өміріне қызықпауды айтты.

– Қазіргі таңда қызбалықпен жас өспірімдер мен егде жастағы азаматтар мен азаматшалар қылмыс жасап, жаза басады. Осындай қателіктердің кесірінен өзіне және өзгелерге зиян келтіретін адамдарды тәртіпке шақырамыз. Бұл есептегі сотталған азаматтар алдағы уақытта қандай жағдай болсын жаза басатын болса бірнеше жылдық өмірлерін төрт қабырғада отырып өткізеді. Мұндай қателіктерге бармас үшін біз пробация қызметінің бастығымен және инспекторларымен бірлесе отырып экскурсия шарасын ұйымдастырдық. Тергеу мекемесімен танысқан есептегі азаматтар бұдан әрі жаза баспай, тек халыққа, отбасына, өзіне пайдасы тиетін істермен айналысатындығын жеткізді. Алайда, күнделікті пробация қызметінің инспектор мамандарының қадағалауында болып, тексеріс жүргізіп отырады, -деді Қызылорда қалалық прокуратурасының орынбасары Бек Тастайбекұлы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: