Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғат қорғау прокуратурасының тарихы

30.11.2021, 9:20 970

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының тарихы 1989 жылдан бастау алады.

Бұл турасында Қызылорда облысының прокуроры С.С.Умбеталиевтың 03.01.1988 жылғы КСРО-ның Бас Прокурорының орынбасары А.С.Побежимовке жазған хатында өңірімізде қалыптасқан жағдайға байланысты табиғат қорғау саласында заңдылықты қадағалайтын арнайы органның қажеттігін көрсеткен.

Осы хат негізінде КСРО-ның Бас Прокурорының бұйрығымен 1989 жылы өңірімізде алғашқы рет Табиғат қорғау прокуратурасы құрылған.

Ең алғашқы Табиғат қорғау прокуроры қызметін 1989 жылдан 1992 жылға дейін Ахмар Өтегенов атқарған. Кейіннен:

1992-1995жж. Аскарова Күлшара Юсуповна;

02.1995-10.1998жж. Абдулов Марат Төлгенұлы;

10.1998-04.1999жж. Бименов Жалғас Тұрманбетұлы;

ҚР Бас Прокурорының 02.1999 жылғы бұйрығымен Табиғат қорғау прокуратурасы жойылды.

ҚР Бас Прокурорының 03.2001 жылғы бұйрығымен Табиғат қорғау прокуратурасы қайта құрылды.

04.2001-11.2003жж. Ерғалиев Бақытбек Сабырұлы;

12.2003-06.2007жж. Тарбақов Хамит Мұратұлы;

06.2007-05.09.2009жж. Ахметов Әлібек Мулдабекович;

2009 ж. Шотаев Серік.

ҚР Бас Прокурорының 02.2011 жылғы бұйрығымен Табиғат қорғау прокуратурасы жойылды.

ҚР Бас Прокурорының 10.2016 жылғы бұйрығымен Табиғат қорғау прокуратурасы қайта құрылды.

10.2016-11.2017жж. Зейнулла Алиби Зейнуллаұлы;

11.2017-09.2019жж. Бегімбаев Ерлан Байузакович;

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Аянұлы Дабыл басқарып келеді.

Табиғат жағдайларының алуан түрлігімен сипатталатын өңіріміз табиғи ресурстарға өте бай, әсіресе минералды шикізат түрлері, Сыр топырағы табиғи және қазба байлықтардың қалың ордасы. «Қара алтын» аталып отырған мұнай көздерінің көптеп табылуы, «Құмкөл» мұнай кеніші, Шиелідегі уран кеніші, Шалқиядағы түсті метал кеніші, Қаратау аймағындағы алтын қоры болғандықтан, экологиялық ахуалында да өзекті мәселелері бар.

Табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану заңнамасының қолданылуын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы қоршаған ортаны қорғау, су заңнаманың қолданылуын қамтамасыз етуде.

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуының басым көпшілігі табиғи, қазба байлықтары және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен құралғандықтан, бұл салада көптеген мекемелер мен ұйымдар қызмет етеді.

Табиғат қорғау прокуратурасының жер көлемі 249 мың км2 құрайтын қадағалау аймағында «Кіші Арал» теңізі, Сырдария өзені (1,3 мың км құрайтын бөлігі) және 200-ден астам көл орналасып, 220-ға жуық кәсіпкер (8 балық өңдеу зауыттары) кәсіпшілік балық шаруашылығымен айналысып, 2021 жылдың өткен мерзімінде 2921,5 мың тонна балық өнімдерін аулаған.

Сондай-ақ,республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын «Барсакелмес» табиғи қорығы, «Қарғалы» және «Тораңғыл сай» мемлекеттік табиғи қаумалдары (заказник), 41 аңшылық алқап орналасып, онда қызыл кітапқа енген 2070 бас қарақұйрық, 671 бас құлан, дуадақ, аққу, бірқазан құстары және құрып кету қауіпі төнген 842000 мың бас киік (Бетпақдала популяциясы), басқа да 1,5 млн дана қабан, қоян, қырғауыл қаз, үйрек секілді жануарлар мен құстар мекендейді.

Соңғы 3 жылда табиғат заңнамасын қорғау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық қаржы өндірілді, кәсіпкерлердің құқықтары және 1500 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, қабылданған шаралармен аңшылық алқаптарды бекіту бойынша жүргізілген конкурсқа жалған құжаттардың негізінде жеңімпаз болып танылған табиғат пайдаланушылардан 14 аңшылық алқап сот шешімінің негізінде мемлекетке қайтарылды, 4 сотқа дейін тергеп-тексеру ісі басталып, олар бойынша айыптау үкімдер шықты, сексеуіл ағашын заңсыз кескен 109 тұлға әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерге тартылды, сонымен қатар, облыс орталығында орналасқан сауда орындарында (дүкендерде, жанар-жағармай құю бекеттерінде және т.б.), «OLX» сауда-саттық бағдарламасындақаптарға салынған сексеуіл ағашын сату деректері бойынша шаралар қабылдануда, заңсыз аң аулау мен балық аулау дерегі бойынша 365 адамға қатысты сот актілері қабылданған, жер қойнауын заңсыз пайдаланған 35 тұлға жауапкершіліктерге тартылды.

Сол секілді басқа да қыруар жұмыстарға қол жеткізілді.

Жалпы, Табиғат қорғау прокуратурасы Сыр елінің табиғатын қорғау мақсатында тынымсыз нақты шаралар қолданылуда.

Қызылорда облысы табиғат қорғау прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: