Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде 30 әйел судья жұмыс істейді

07.03.2025, 15:50 129

HALYQLINE.KZ

Бүгінде еліміздегі сот саласында – 85, ал облыста 30 әйел судья нәтижелі жұмыс істеуде. Олардың атқаратын міндеттері аса жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені, Заңға қатысты қаралған әрбір азаматтың тағдырын шешеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 10 наурыз – Халықаралық әйел судьялар күніне орай заң саласының арулары БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

– Қай заманда да отбасы құндылығы бірінші кезекте маңызды саналады. Себебі әрбір жанұя еліміздің іргетасы іспетті. Өздеріңіз білетіндей, бұл салада қызмет ету, әсіресе нәзік жанды жандар үшін оңай емес. Өйткені қызмет бабында түрлі жағдайға кездесіп жатады. Одан бөлек, отбасы мен осы саланы қатар алып жүру де – үлкен жауапкершілік. Заң саласының қызметкері болу үшін ең алдымен психологиялық тұрғыда мықтылық керек, одан кейін заң тұрғысында сауатты болу маңызды. Әрине әйел жаратылысы болғаннан кейін бірінші кезекте баланың мүддесі үшін уайымдаймыз. Ата-аналары екі жаққа бөлек кетпеуі үшін өзіміздің кеңесімізді айтып, ойлануға уақыт береміз. Соның арқасында өз арызын кері қайтарып алатын отбасылар бар, – деді облыстық әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова.

– Халықаралық сот судьясы күнімен қатар келген 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Осы салада абыройлы қызмет етіп жүрген барша нәзік жандылардың еңбегі ерен. Жалпы құқықтану факультетінде оқып жүрген кез келген қыз балалардың арманы – судья болу. Біздің атқаратын қызметіміз адам тағдырына байланысты болғандықтан, жауапкершілік жүгі жеңіл емес, – деді облыстық соттық судьясы Шолпан Маратқызы.

– Біздің қазақта «әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді» деген сөз бар. Біздің қызмет демалысты қажет етпейді. Бір адамның тағдыры болғаннан кейін бейжай қарауға болмайды. Қызметпен қатар отбасыға да көңіл бөліп жүреміз. Отбасының қалай болуы, жалпы қоғамның қалай болуы әйелдерге байланысты. Судья болу қызметі ерлерге қарағанда, әйелдерге ауыр. Әр істің соңында шешім шығару үшін судья ойланады. Оның өзі – біздің мойнымыздағы жауапкершілік. Ауыр жұмыстың жауапкершілігін арқалап жүрген судья аруларымызды айтулы мерекемен құттықтаймын, – деді Гүлжан Жалғасбайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: