HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан қылмыскерлерді анықтау, ұстау бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары Қазақстанның барлық қаласында жалғасып жатыр.
«ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесі Қызылорда облысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, лаңкестікке қарсы операция жүргізу барысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 100-ден аса адамды ұстады. Нәтижесінде, 1 қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ, есірткі тәркіленді», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері ұсталғандарға қатысты мән-жайды одан ары тергеу үшін жұмыс істеп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!