HALYQLINE.KZ Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қала орталығында орнатылған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары 11 маусым сағат 20:00 бастап 5 жерде жұмыс істейтін болады.
Олар:
Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы);
Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты);
Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсы);
Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы);
Бейбарыс көшесі (№9 көпқабатты үй жаны).
Барлық құрылғылардың алдына ескерту белгілері орнатылды. Осыған байланысты жүргізушілерді жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұраймыз. Қалған 8 жердегі құрылғылар кезең-кезеңмен іске қосылады.
Қызылорда облысының полиция департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!