HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қызылорда облысында 3 ақпанда «Қазспекторстрой» ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді», – делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды», – деді ведомство өкілі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!