Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Түзеу мекемесінен 12 шетел азаматы босатылды

13.10.2021, 17:00 249

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде шетел азаматтары да жазасын өтеуде. Мекеме қызметкерлері әр сотталушының темір торға түскенінен бастап, өмірге қайта тәрбиелеп, оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуы мен қайта қылмыс жасамау мақсатында және шыққанға дейінгі дұрыс-мінез құлық пен іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарайды.

Жыл басынан мекемеден 12 шетел азамат босатылған. Мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 30.01.2016 жылғы №89 бұйрығына сай босатылатын шетел азаматтарын құжаттарымен бірге Қызылорда облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасына тапсырады. Одан әрі сотталған азаматты өз еліне жіберуді облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасы жүзеге асырады.

«Қауіпсіздігі төмен мекемеден жазасын өтеп шыққан он екі шетел азаматы – Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елінің азаматтары. Олар шекараны заңсыз кесіп өту, жол-көлік оқиғасын жасағандар. Сот қаулысымен мекемеден босатылған барлық сотталғандардың ақпараттық іздестіру карточкаларын, дактилоскопиялық картасымен (саусақ іздері таңбаларын), сотталғанның босатылған жөніндегі сот қаулысының көшірмелерін, сотталғанның тұрғылықты жеріндегі Жергілікті полиция қызметі басқармасына жолданса, шетел азаматтарының құжаттарын облыстық Полиция департаментінің көші-қон басқармасына тапсырамыз. Сонымен қоса бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей, сотталған адам таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатындығын, еңбекке қабілеттігін, игерген мамандықтары туралы хабардар етіледі. Мерзім соңымен мекемеден 100 сотталған босатылды», – деді режим тобының аға жедел уәкілі әділет майоры Ә.Рахманов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: