Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

06.04.2020, 15:53 1391

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жақанов Ағыбай Қасымбайұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды.

А.Қ.Жақанов 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек өтілін құқық қорғау органдарында 2009 жылы Қарағанды облыстық ІІД тергеуші қызметінен бастаған.

Прокуратура органдарына 2012 жылы қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында басқарма прокуроры, одан әрі Шымкент қаласының Еңбекші, Әл-Фараби аудандары прокурорының орынбасары, Атырау, Жамбыл облыстық прокуратураларында Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Бас Көлік прокуратурасында Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымын атқарып келген.

Құқық қорғау органдарындағы 10 жылдан жоғары қызмет өтілі бар, әділет кеңесшісі сыныптық шенінде.

Пікірлер:
  • Кызмет кутты болсын балам сдал кызмет ет келейники кепшиктин панамы бол мына ауру бай мен кедейди бирдей кылды.Бул сабак алсын деди ме Алла.Кумар ойынханалармен курес балам.Аналардын коз жасы биз бай мемлекет болатын едик осы куртып жатыр.

Гульнар үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: