Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының прокуратурасы тариф бағасын төмендетті

27.06.2024, 12:55 265

Қызылорда облысының прокуратурасы тұрмыстық қалдықтарға (бұдан әрі – ТҚҚ) және ауыз суға арналған тарифтерді төмендетуге қатысты шаралар қабылдады.

Облыстың 4 ауданында (Арал, Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандары) ТҚҚ арналған тарифтер негізсіз бекітілген болса, Қармақшы ауданында бүгінге дейін бекітілмеген.

Аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүргізілмейді.

Бұған қарамастан, әкімдіктер тарифтік сметаға сұрыптауға, ғимараттарды күтіп ұстауға, амортизацияға және т.б. үшін негізсіз шығындарды қосқан.

Осыған байланысты азаматтардың құқықтарын қорғау және тариф бағасын төмендету мақсатында қадағалау актілері енгізілді.

Қазіргі уақытта тариф Қазалы ауданында 210 теңгеден 193 теңгеге, Жалағаш ауданында 160 теңгеден 151 теңгеге төмендетілсе, Арал және Сырдария аудандарында 8-13 теңгеге төмендету күтілуде.

Сонымен қатар, халықты ауыз сумен қамтамасыз «Арал салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы 2023ж. арналған тарифтік сметаны 460,2 млн теңгеге орындамаған.

Ауыз суға бекітілген тарифті қайта қарау мақсатында қадағалау актісі енгізілді.

Бұл ретте уәкілетті орган Филиалға 6 млн теңге айыппұл салды.

Қадағалау актісінің қаралуымен ауыз су тарифін 30 теңгеге төмендету күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: