Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты байқау қорытындыланды

27.01.2026, 10:35 41

Қызылорда облысында жастар арасында есірткіқұмарлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды байқау аяқталды. «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен өткен шараға 12 мен 20 жас аралығындағы шығармашыл мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Байқаудың басты шарты бойынша қатысушылар есірткіге қарсы тақырыпта үш авторлық GIF-анимация дайындап, құрдастарының назарын осы әлеуметтік мәселеге аудару үшін оларды әлеуметтік желілерде орналастыруы қажет болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бастапқы кезең аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Бірінші турдың нәтижесі бойынша аймақтық білім бөлімдері облыстық кезеңге 47 үміткердің 141 жұмысын жолдады. Сайыстық комиссия қатысушылардың жоғары дайындығы мен креативті тәсілдерін атап өтіп, 12 үміткердің еңбегіне ерекше тоқталды.

Облыстық деңгейдегі жеңімпаздар болып Қызылорда қаласы №176 орта мектеп оқушысы Шанжархан Нұрасыл, Жалағаш ауданы №118 орта мектеп оқушысы Аманкелдіқызы Кәусар және Шиелі ауданы №244 орта мектеп оқушысы Алмасханқызы Жансель танылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі заманғы цифрлық форматтарды қолдану жастарды белсенді әлеуметтік қызметке тартуға және олардың бойында зиянды әдеттерге қарсы берік ұстаным қалыптастыруға септігін тигізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: