Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: «АРКАН» 25 мыңнан аса құқықбұзушылықты анықтады

21.10.2020, 17:30 784

HALYQLINE.KZ Осы жылы Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына 13 «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, маусым айынан бастап толықтай іске қосылған.

Құрылғыларды қоюдың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту. Қала орталығында 2019 жылдың 9 айында 1012 жол көлік оқиғасы болса, осы жылы шамамен 800 жол көлік оқиғасы орын алып, 20 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, құрылғылар іске қосылғаннан бастап 27 743 әкімшілік құқықбұзышылық анықталып, 244 345 890 теңге көлемінде айыппұл салынды, 16 930 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 144 582 350 теңге өндірілді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер:

Ermakhan үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: