HALYQLINE.KZ Осы жылы Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына 13 «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, маусым айынан бастап толықтай іске қосылған.
Құрылғыларды қоюдың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту. Қала орталығында 2019 жылдың 9 айында 1012 жол көлік оқиғасы болса, осы жылы шамамен 800 жол көлік оқиғасы орын алып, 20 пайызға төмендеді.
Сонымен қатар, құрылғылар іске қосылғаннан бастап 27 743 әкімшілік құқықбұзышылық анықталып, 244 345 890 теңге көлемінде айыппұл салынды, 16 930 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 144 582 350 теңге өндірілді.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Jaksy ornatylgaan.kajet kurylgylar👍
Өте дұрыс болған, көлік соқтығысы азайатын болды. Үлкен рахмет
Акимшилик полиция кызметкерлерине мында бир алгыс жумыстарынын жемисин коре бериниздер осы полиция кызмерлери болмаса халыктын камын ойлайтын жарайсындар осы багыттан айырылманыздар сатирик тек алга
Оте дурыс!!! жол колик окигасы азаятын болды, а то оте коп авариялар, к.орданын бираз жерине орнату керек
Құқық бұзу азайса игі
25 мыңнан аса… Аз емес…
Дұрыс қойылған құрылғы! Полиция қызметкерлеріне улкен рахмет.
Өте дұрыс болды. Көлік қақтығысы азайатын. Сіздерге рахмет.