Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызметкерлер донор болды

21.02.2024, 17:20 111

Қайырымдылықтың үлкен не кішісі болмайды. Қан тапсырып та қайырымдылық жасауға болады. Міне, осындай қарапайым әрекетімен өзгеге өмір сыйлаған жандар – тергеу мекемесінің қызметкерлері.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жеке құрам қызметкерлері таңертеңнен кешке дейін тікесінен тік тұрып, ішке келіп-кететін азаматтарға тінту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, қырандай тәртіп орнататын қызметіне қырағы, сауысқандай сақ қызметкерлер, енді қан тапсырып, бүгінде қайырымдылық жасаумен де ерекшеленді.

Жалпы, «Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, сыйлау» деген мағынаны білдіреді екен. Сондай-ақ, донорлық – әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі. Олай болса, қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлаған тергеу мекемесінің қызметкерлерінің бұл іс-әрекеті олардың үлкен адамгешілік иесі екендігін айқындайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: