HALYQLINE.KZ Ересек адам, оның ішінде қылмыскерлерді тәрбиелеу – күрделі жұмыс. Әсіресе, Қылмыстық атқару кодескінің 92-бабы 7-тармақшасына сәйкес, мекеменің оқшауланған аймағында ұсталушы сотталғандармен жұмыс істеу – өте қиын. Өйткені, өзгелерден бөлек ұсталынатын бұл сотталғандар – экстремизм-теороризм бойынша жаза мерзімін өтеушілер. Басқа қылмыскерлерге қарағанда ерекше бақылауға алынған жазаланушылармен ЗК-169/1 мекемесінің теологтары, психологтары, яғни тәрбие бөлімі қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарып келеді.
«Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» демекші, осы орайда мекеме психологы, әділет аға лейтенанты А.Мырзалы мен жасақ бастығы Е.Қожақметов оқшауланған аймақтағы 7 сотталғанмен тренинг өткізді. Бұл жолғы жұмыс ерекше әдісте өтті. Ол – практикалық психологияда заманауи тренд болып отырған НЛП әдісі.
Мекеме психологы А.Мырзалы:
– Нейролингвистикалық психология, сотталған азаматтардың қабылдау жүйесін анықтайды. Тест форматында өтілген бұл тренинг 48 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға жауап алу арқылы көру, есту сезім мүшелерінің қайсысының қабылдау қабілеті жақсырақ дамығанын байқаймыз.
Мекеме қамаудағылармен тікелей жұмыс істеу жасақ бастығы, әділет лейтенанты Е.Қожақметов:
– Міне, осындай психологиялық тест нәтежиелеріне қарай, алдағы уақытта сотталғандарды түзу жолға бейімдеу мақсатында әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқарып отырамыз. Жалпы алғанда, бұндай оңалту шараларының қылмыскерлердің өз қателігіне өкініп, дұрыс бағытты таңдауына ықпалы өте зор.
Тест аяқталған соң, «Анаға апарар жол» фильмі көрсетілді. Бұл фильм олардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, туған жерге, отбасына деген жылы сезімдерін арттырғаны анық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!