Жыл басынан бері өзге мемлекеттің төлқұжатымен жүрген, қос азаматтығы бар 35 адам ұсталды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Көбіне екі елдің куәлігін бірдей еншілегендер Ресей мен Өзбекстанда тіркеліп тұрады. Зейнетақыны да екі жақтан алатындары бар. Ресми ақпаратқа сүйенсек, былтыр мұндай 433 дерек анықталған.
Айта кетейік, елде қос азаматтыққа заңды түрде тыйым салынған. Заңға бағынбағандар 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе елден шығарылады.
Мәселен, былтыр көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында қос азаматтығы бар 433 адам анықталды. Сот шешімімен олардың 250-не айыппұл салынып, 183-і елден шығарылды. Олардың қатарында Ресей, Түркия, АҚШ және Германия азаматтары басым.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!