Адвокаттар қызметінің құнына бірнеше фактор әсер етеді. Істің күрделілігі, жұмыстың ауқымы мен қорғаушылардың тәжірибесі және аймаққа байланысты әртүрлі болып келеді.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коллаж: Kazinform
Қорғаушылар әр іске әртүрлі баға қояды. Іспен қатар өндіріп алатын өтемақының пайызына, сағатына және өзге де сыйақыға келісім қатар жүреді.
Мақала жазу кезінде барлығына ортақ талап таңдалды. Алдымен қоңырау шалып, заңгерден ауызша кеңес алу, кейін оның көмегімен шағым немесе талап арыз жазу, содан соң сотта қорғау ұсынысы қаралды. Интернет арқылы арзан баға ұсынғандарға хабарласып, Қазақстан қалаларында қорғаушы қызметі қанша тұратынын анықтап білдік.
Мегаполистерде баға жоғары. Астанада – 43 000 теңге, Алматыда – 37 000 теңге. Сонымен бірге Қонаев қаласында да қызмет құны өзгелерге қарғанда жоғары болып тұр. Мұнда қорғаушылар 32 000 теңге сұрайды.
Одан әрі Жезқазған мен Павлодар қалалары тұр. Екі қалада да кеңес алу құны 5 000 теңгеден басталады. Ал талап арыз жазу құны 10 000, сотта қорғау қызметінің бағасы 13 000 теңге. Сөйтіп 28 мың теңге төлеуге тура келеді.
Қостанай, Орал, Ақтөбеде адвокат қызметінің құны – 22 000 теңге. Қарағандыда 21 000, Семей мен Көкшетауда 20 000 теңге тұрады.
Өзге мегаполистерге қарағанда Шымкентте бұл қызметтің құны әлдеқайда қолжетімді. Кеңес алу, талап арыз жазу және сотта қорғау құны 18 000 теңге. Ал Таразда 16 000 теңге тұрады.
Түркістан, Ақтау, Талдықорған және Қызылордада сот істерін жүргізу құны шамалас. Бұл қалаларда 15 000 теңге сұрайды. Түркістан мен Ақтауда кеңес алу қымбат, ал сотқа қатысып, қорғау арзанға түседі.
Ал Талдықорған, Қызылордада ақшаның көп бөлігі сотқа қатысып, қорғауға төленеді.
Өскемен мен Павлодар ең арзан өңірлер арасында екінші орында тұр. Мұнда үш қызмет үшін қорғаушылар 13 000 теңге сұрайды. Ал Қазақстан бойынша ең арзаны Атырау қаласында болып шықты. Мұнда қызмет құны – 12 000 теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!