Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

10.09.2025, 11:40 193

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда республикалық «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның барысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да табылған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынып, қару жасырылған 12 қойма анықталған.

Сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленген. Олар: Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұңғылы қару, қызметтік бронежилеттер мен каскалар.

Азаматтар 15 қаруды өз еркімен тапсырған.

«21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: