Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала тұрғындары ауызсудың сапасына қанағаттанбайды

23.03.2022, 10:00 640

HALYQLINE.KZ

Әлеуметтік желілерде ауызсудың сапасына қатысты көтерілген мәселеге және қалалық прокуратураға түскен арыздарға жүргізілген талдау нәтижесі осыны көрсетті.

Осыған орай, қалалық прокуратурамен Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ауызсудан сынама алу үшін талап жолданып, қорытындысымен ауызсу құрамында химиялық бактериялар бар екені анықталды.

Бұл ретте қаланың 3-ші ірілендірілген кварталында қоныстанған 10298 тұрғын, оның ішінде 791 кәсіпкерлік нысан санитариялық қағидаларға сай таза ауызсумен қамтамасыз етілмеген. Осыған сәйкес сумен қамтамасыз ету мекемесі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, қалалық прокуратурамен қала әкімдігіне ауызсудың құрамын тазарту жөнінде ұсыныс енгізілді.

Қазіргі таңда ауызсуды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Көрнекі  фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: