HALYQLINE.KZ Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың санасын тезірек сауықтыруға, айналадағы жағдайларға бейімделуге, сондай-ақ олар жасаған құқықбұзушылықтың оның алдағы өміріне кедергі болмасы үшін, сотталушылар мекемеге келген алғашқы күннен бастан жаза мерзімі аяқталған уақытқа дейін жұмыс істейтін психолог қызметінің рөлі үлкен.
Түзеу мекемесіне келген алғашқы күннен сотталғандардың басым көпшілігі, бас бостандығынан айырылуына, қоғамнан оқшаулануына, жанұя, туған-туыстарынан алыстатылуына қатты ойланып, толғанатыны байқалады.
Осындай қиын сәтте, темір тордың ар жағындағы азаматтармен мекеме психологтары психологиялық, тәрбиелік бағытта жұмыс жасайды. Мекемедегі қабылдауда болған әрбір сотталғанның ішкі- жан дүниесін тыңдап, психологиялық көмек көрсетіп жүрген, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің психологтары әділет аға лейтенанты Айдос Жүсіпбеков пен Шынар Кульбаеваны атап өткім келеді. Мен сұхбат алуға барған уақытымда психологиялық босаңсу бөлмесінде А есімді сотталғанмен жеке қабылдау жүргізіп жатыр екен. Бұл азаматтың мінезінде ашуланшақтық, ызақорлық, басқа сотталғандармен жанжалдасуға бейімділігі айқындалған. Мінезінің өзгеруіне отбасынан ұзақ уақытқа қол үзіп қалу, сотталушылның психологиясына кері әсерін тигізген. Осындай жағдайдағы сотталғандарды бірнеше мәрте жеке қабылдау жүргізудің нәтижесінде, көзқарасы өзгереді. Мінезі өзгеріп, өзін жақсы жағынан көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды. Осылайша, психологтар көмегінің нәтижесінде, олар өмірге құлшыныстары артып, болашаққа сеніммен қарайды.
«Сотталғандардың ішіндегі қорқыныш үрейге толы сезімдері, психологиялық түрлі тренинг, жеке әңгімелесулерден кейін, олар ондай сезімдерден арылып, жаңа өмір бастауға қадам жасап жатады. Осы жылдың 6 айында 532 сотталған азаматтарға психологиялық көмек көрсетілді.
Олар бізге әртүрлі жағдаймен келеді. Ең бастысы, оларды қылмыскер ретінде емес, қоғамнан уақытша оқшуаланған азамат ретінде қабылдауымыз қажет. Оларға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, отбасыларына аман-есен оралуына көмек көрсетуіміз керек», – деді мекеме психологы Шынар Кулбаева.
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!