Түркістан облысы Ордабасы ауданының Полиция бөлімі ағайынды Кенжебековтердің қылмыстық айыбын жеңілдетуге тырысып жатыр. Мұны журналист Күлтегін Аспанұлы хабарлады.
– Ордабасы полиция АПБ бастығы Ғалымжан ҚуашбаевТүркістан облысы полиция департаменті атынан «ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалғанын» хабарлады.
Бұл дегеніміз «БҰЗАҚЫЛЫҚ».
Топ боп ұйымдасып, алдын ала сөз байласып, жоспарлап, қасақана қастандық жасау, ату, 36 жерінен жараланып қансырап жатқан адамды үстемелеп таяқтау – бұзақылық па?
Құқық мамандарымен кеңесе келе бұл жерде күрделі қылмыс жағдайы орын алғандықтан, іс ҚК 24, 25, 31-баптары негізінде мынадай бірнеше баппен қайта саралануы керектігін білдім.
Олар:
• ҚР ҚК 293-бабы 2-бөіліг 1-тармағы және 3-бөлігі 1, 2-тармақтары (Бұзақылық)
• ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 1, 4, 5-тармақтары (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру: «екі немесе көп адамға қатысты» «аса қатыгездікпен» «бұзақылық ниетпен» алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған» қылмыс)
• ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту)
• ҚР ҚК 287-бабы 3, 4-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)
Түркістан облысының прокуратурасы мына бассыздықты тоқтатыңдар!
Экс-полицей қылмыскердің ағасы депутат, тағы бір ағасы полиция қызметкері екен деп жауыздықпен жасалған қылмысты жылы жауып, шынайы айыптарды жеңілдетіп, тиісті баптарды кемітуге тырысу — полицияға сенімді өлтіреді. Жауыз қылмыскерді полиция неге ұстай алмай отыр?, – деп ашынды Күлтегін Аспанұлы.
Аталған істің жай жапсары мына сілтемеде
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!