HALYQLINE.KZ Өткен жылдың қорытындысымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар 42,9 пайызға өсім алды. Бұл қылмыстардың басым бөлігі облыс орталығында болған.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу бағытында 26 ақпаннан бастап облыс көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады.
Бұл жедел профилактикалық іс-шарасы отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру мақсатында өткізілмек.
Аталған іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аймақтағы отбасы жанжалын шығарып, берекесін алатын азаматтардың үйін аралап, олармен профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізеді.
Бұл орайда, отбасы жанжалы мәселелері бойынша тұрғындарға Қызылорда облысы Полиция департаментінің «102» арнасына немесе 26-28-90 телефон нөмеріне хабарласуға болатындығын ескертеміз.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!