HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен жыл сайын дәстүрлі түрде республика көлемінде «Погонды журналист» жобасы ұйымдастырылып келеді.
Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде учаскелік полиция инспекторларының, патрульдік, жедел қызметкерлердің, тергеушілерлің, криминалистердің және басқа да полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын көрсетуге бағытталған.
«Погонды журналист» жобасы Сыр өңірінде де жалғасын тауып келеді. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері погон тағып, полицейлердің бір күндік жұмысымен танысты.
Жуырда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жобаны қорытындылады. Байқауға еліміз бойынша республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Жобада белсенділік танытқан өңіріміздегі 3 журналист, оның ішінде республикалық «Хабар 24» телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Попова Кристина Алмасқызы, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Әли Айнұр Айдарқызы және облыстық «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Елдос Асан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Айта кетерлігі, Әли Айнұр Айдарқызы «Погонды журналист» жобасында «Үздік мақала» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Міне, бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Әміржан Сермаханұлы журналистерге Министр марапатын салтанатты түрде табыстады.
Олар құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін белсенді жариялау, полицияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың бұйрығымен ресми түрде маратталды.
Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігімен полицияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында Балалар жылы аясында «Менің полициям» ақпараттық-имидждік жобасы ұйымдастырылған болатын. Полиция қызметкерлерінің балалары ата-аналарының жұмыс орнына келіп, өз ойларын бейнеролик арқылы жеткізді.
Жоба қорытындысы бойынша Қазалы ауданы Полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Нурбек Альмагамбетовтің ұлы №226 К.Мергенбаев атындағы мектеп гимназиясының 5-сынып оқушысы Жаңбырбай Дінислам Нұрбекұлы және Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастыру және аналитикалық тобының инспекторы полиция капитаны А.Сыздықованың қызы дарынды балаларға арналған мектептің 2 «Е» сынып оқушысы Бейсенбек Мереке Пазылбекқызы Министрдің «Алғыс хатымен» марапатталды. Министр марапатын аудандық полиция бөлімінің басшылары ресми түрде табыстады.
Қуаныштанған шаттанған балаларға бұл Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үлкен сый болды. Аудандық полиция бөлімінің басшылары оларды Жаңа жылмен құттықтап, арнайы дайындалған сыйлықтарын ұсынды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін мұндай игі шаралар халық алдында полицияның беделін арттыратын сөзсіз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!