Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Погон таққан донорлар

12.02.2021, 12:30 313

HALYQLINE.KZ 2021 жылғы 11 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырып, қайырымды істер қатарын толықтырды.

Департаменттің 10 шақты қызметкері донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесіп, өмірін құтқаруды мақсат етіп Қызылорда қаласындағы облыстық қан тапсыру орталығына келді.

Бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға рұқсат етіледі. Әр донордан 450 мл шамасында қан алады. Барлық процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минутқа жуық уақытты алады.

«Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаса керек және осы іс-әрекетіміз біреудің анасының, әкесінің, баласы немесе ағасының өмірін құтқарып қалатынына сенімдіміз және барлық азаматтарды осындай қайырымды іс жасап, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз», – деді департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов.

Айта кетерлік жайт, бұндай акция ҚАЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған және жүйелі түрде өткізіліп отырады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: