Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өткен жылдың жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды

18.01.2023, 15:00 468

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтіп, өткен жылдың жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды.  Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қылмыс деңгейі азайып, қазіргі уақытта  өңірдегі криминогендік ахуал  тұрақты. Ауыр қылмыстар  – 13,4% (953 тен 825-ке), ұрлық  – 21,1% (1305-тен 1029-ға),  пәтер ұрлығы  – 49,3% (221-ден 112-ге),  мал ұрлығы – 39,8% (191-ден 115-ке)  төмендеді.

Департамент бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлының төрағалығымен өткен бүгінгі жедел кеңес барысында полиция  органдарының жедел-қызметтік жұмысы  талқыланды.

Оның ішінде,  халықпен тиімді серіктестік орнату, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру,  ішкі  істер органдарының қызметінде ашықтықты  және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.      

Облысымызда жол қауіпсіздігі – өзекті мәселелердің бірі. Талдау көрсеткендей, көлік оқиғаларының басты себебі жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару болуда. Полиция департаментімен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстары жандандырылып,  оңды шаралар қолға алынып отыр. 

Жедел кеңес барысында  полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту және полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар   жөнінде сөз қозғалды.

Сонымен қатар,  департамент бастығының міндетін атқарушы жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында  пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды  жеке құрамның назарына  жеткізді. Ішкі істер министрі тапсырған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. 

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: