Павлодар іргесіндегі «Строитель» және «Энтузиаст» бау-бақша серіктестіктерінде құрғақ шөп пен саяжайлар өртенді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірілді.
Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті 55 адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Еске салайық, өрт сөндірушілер Павлодар іргесіндегі бағбандық қоғамдастықта құрғақ шөп пен саяжайлардағы өртті сөндірді. Өртті сөндіру күшті желдің салдарынан қиындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!