Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу изоляторының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің С.Айтбаев атындағы көркемсурет галлериясы филиалымен бірлесе отырып, сотталған азаматтарға көрме ұйымдастырылды.
– Бұл іс-шараның ең басты мақсаты – сотталған азаматтардың ойын бөлу, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, сондай-ақ көрмеде көрсетілген әрбір картиналардың қалай салынғаны және көркем суреттер арқылы отанға, елімізге, жерімізге деген құрметтің, отбасы мен жақын адамдарға деген жылулықты ұмытпау керегін ұғындыру. Сондай-ақ, өлке тарихының тағылымын түсіндіру мақсатында өз саласын жетік білген білікті мамандарды шақыртып, сотталған азаматтармен кішігірім ой сергіту сәтін ұйымдастырдық. Іс-шара барысында сотталған азматтар өздеріне ұнаған картиналарымен жеке танысып, қажетті сұрақтарын сұрау арқылы музей мамандарынан жауабын алды, – деді АКАӘПТЖБ-нің бастығы, әділет капитаны Е.Романқұлов.
– Бүгінгі көрмеден Қызылорда өлкесіндегі тарихи қалалар туралы біраз мағлұматтарды естіп-білдік. Көрмедегі суреттердің бояуы қанық болғандықтан, бізге тым әсерлі болды. Көрмедегі тарихи орындар арқылы бейне бір сол ғасырлар әлеміне барып келгендей болдық, – деп, баяндады сотталған өзінің көрмеден алған ойымен бөлісіп.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!