Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кафеде жарылыс болды

10.03.2025, 14:30 40

Құтқарушылар екі газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, үлкен апаттың алдын алды,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағандыда бір қабатты, жеке тұрған кафеде ағаш конструкциялар жанған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін газ-ауа қоспасының жарылысы болған.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екі тұрмыстық газ баллонды алып шықты. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпығанымен, жедел сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: