HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын алды.
Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған егде 62 жастағы азаматша мекеме қамауында отырған қызына флешка өткізіп бермекші болған.
Мекеменің қырағы бақылаушылары бұл егде жастағы әйелдің әкелінген сәлем-сауқаттарын жіті тексеру барысында бауырсақ ішінен фольгаға оралған бір дана флешканы жасырып қойғанын анықтады.
Анықталған факт бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.
Бүгінде сот шешімімен ҚР ӘҚБ-481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алғашқы рет жасалынғандықтан, әкімшілік ескерту берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!