Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

FlyArystan әуекомпаниясы билет бағасына негізсіз ақша қосып отырған – Монополияға қарсы орган

05.03.2025, 17:55 82

Монополияға қарсы орган FlyArystan әуекомпаниясы билет бағасын ретсіз өсіргенін анықтады.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алқа отырысында FlyArystan-ның заң бұзғаны талқыланды. Компания әуебилеттердің құнын брондау кезеңдерінде автоматты түрде жасырын қосымша ақы қосып отырған.

«Әуетасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл «drip pricing» деп аталады, яғни “тамшылап баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді анықтап, әуетасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық», – деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Әуекомпания бұл заңбұзушылықты реттегенін айтты. Қазір агенттік ішкі әуетасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: