Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгілі заңгер қамауға алынды

31.03.2026, 15:55 60

Алматы полициясы қоғам белсендісі әрі блогер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қоғам белсендісіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (ұлтаралық араздықты қоздыру) және 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылғаны жайлы ақпарат бар.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті жедел-тергеу шаралары қолға алынған.

– Алматы қаласының полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, Әділетхан Молдаханның әлеуметтік желідегі парақшасына 1 миллионнан аса адам жазылған. Ол оқырмандарына әрдайым азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес береді.

Фото: Бейнежазбадан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: