Сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Байқоңыр қалалық пробация қызметі бастапқы іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесіз аяқталуына байланысты оны іздеуге жариялады. Кейін М. есімді азамат Тараз қаласында жасырынып жүрген жерінен ұсталды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі.
Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған М. есімді азамат сот үкімімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Оған жаза өтеу талаптары түсіндіріліп, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда, сотталған азамат жазадан жалтарып, ізін жасырған.
Осыған байланысты пробация қызметі оның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолдады. Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының шешімімен ұсыным қанағаттандырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.
Қаулы заңды күшіне енді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!