HALYQLINE.KZ Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 15-24 наурыз аралығында республика аумағында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А. есімді әйел азаматша жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін 15.03.2021 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.
Яғни, сотталған А. есімді әйел азаматша пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмеген, яғни шақырту қағаздарын уақытылы ала тұра келмеген.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмеуі – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады.
Қазіргі кезде аталған ұсыным іс-құжаттары Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының өндірісінде.
А.Танбаев,
Байқоңыр қалалық пробация
қызметінің бастығы, әділет капитаны
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!