Полиция алаяқтардың ең көп қолданатын 10 айласын айтты, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Аqshamnews.kz сайтына сілтеме жасап.
- Жалған қауіп тудырып, адамды шатастырады.
“Ақшаңызды сақтау үшін оны басқа шотқа аударыңыз немесе депозиттен шешіп, басқа шотқа салыңыз”.
- Жалған беделге сүйеніп, қысым жасайды.
“Сізбен тергеуші немесе ІІМ, ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр. Тұтқаны қоймаңыз”.
- Жәбірленушіні оқшаулап, кеңес алуына кедергі жасайды.
“Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз — құпия операция жүргізіліп жатыр”.
- Шот қолжетімсіз болады деген ой салады.
“Кілт сөзді өзгертуге өтінім түсті”.
- SIM-картаны немесе банк жүйесін ұрлау үшін қолданылады.
“Мен байланыс операторының қауіпсіздік қызметіненмін. Қазір сізге код келеді, соны айтып жіберіңіз”.
- Ақшаны өз шоттарына аудартады.
“Депозиттегі қаражатты банк шотына аудару қажет”.
- Барлық мәліметтерді жинап, кейін ақша ұрлайды.
“Бұл – ұлттық қауіпсіздік қызметкері. Қай банкте шоттарыңыз барын айтыңыз. Карта мен депозитті дереу бұғаттау үшін деректеріңізді беріңіз”.
- Эмоцияға беріліп, уақыт арқылы қысады.
«Жақыныңыз қиын жағдайға түсті (Жол апаты, полиция, аурухана). Шұғыл ақша жіберу керек”.
- Жалған пайда ұсынып, ақша бопсалайды.
«Сіз сыйлық/өтемақы ұтып алдыңыз! Оны алу үшін салықты немесе жеткізу ақысын төлеуіңіз керек”.
- Құпия кодты алдап алады.
“Шотыңыздан ақша шешуге әрекет жасалды. Операцияны тоқтату үшін SMS-кодты айтыңыз”.
Мұндай қоңыраулардың мақсаты:
клиенттің мобильді қосымшасына қол жеткізу;
ақшаны “қорғалған шотқа” өз еркімен аудартқызу;
TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hoptodesk, RudeDesktop секілді қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуға көндіру.
Полиция қазақстандықтарған кеңес берді:
Ешқашан CVV, PIN, картаның толық деректерін, SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз! Полиция, банк немесе байланыс операторлары ақша немесе код сұрамайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!