Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

17 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

26.03.2026, 9:40 33

Қостанайда хабар-ошарсыз кеткен бала 19 наурыздан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Полиция 19 наурыздан бастап 17 жастағы Владимир Орелді іздестіруде.

– Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Оған полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқару бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру аумағы қаланың басым бөлігін және оған іргелес аумақтарды қамтиды. Жергілікті жерлерді шолу жұмыстары жүргізілуде, жасөспірімнің баруы мүмкін бағыттары тексеріліп, барлық нұсқалар мен келіп түскен ақпарат пысықталып жатыр. Сонымен қатар бару қиын аумақтар да тексерілуде, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіріп, іздестіру жұмыстарының үйлесімді әрі жедел жүргізілуін қамтамасыз етті.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын бейжай қарамауға шақырады.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайда жүргенін анықтауға көмектесетін кез келген ақпарат маңызды. Мұндай мәліметтерді «102» нөміріне дереу хабарлауды сұраймыз», – деп жазылған хабарламада.

Фото: Қостанай облысы полиция департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: