HALYQLINE.KZ Ыстық күндердің басталуымен, термометр бағаны тіпті кештің өзінде 30 градустан төмендемеген кезде, біз өз рационымызға суық десерттерді, әсіресе, балмұздақты қосуға барынша дайын боламыз. Қазақстандық балмұздақ нарығының жетекшісі «Шин-Лайн» компаниясының бағалауы бойынша шілде айының соңғы демалыс күндері абсолютті рекорд жасалып, тек Алматының өзінде екі күн демалыста балалар мен ересектер осы тәттінің 840 000 порциясын жеген болса, Қазақстан тұрғындары 1,8 млн порциясын жеген.
Алайда мұндай сауданың жетістігі балмұздақтың үлкен көлемін жегеннен гөрі, әдеттегіден гөрі жазғы ерекшелік әсер еткен, оның үстіне Алматы мен Алматы облысында басқа аймақтарға қарағанда балмұздақтың 10 есе көп түрінің сатылатыны тағы бар. Жалпы алғанда, ел бойынша көрсеткіштер әлдеқайда төмен көрінеді, Euromonitor компаниясының мәліметтері бойынша, орташа есеппен әрбір қазақстандық жылына шамамен 2,5 кг балмұздақ жейді екен. Бұл өнімді тұтыну деңгейі бойынша біздің ел жылына 1,5 және 2,2 кг жейтін көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан тұрғындарына қарағанда озық болып, әрқайсысына жылына 2,8 кг балмұздақ жейтін ресейліктермен салыстырғанда аздаған айырмашылықпен және әр жан басына балмұздақты тұтыну көрсеткіші 6.5 кг-нан 11-12 кг дейін ауытқитын Еуропа халқымен салыстырғанда айтарлықтай үлкен айырмашылықпен артта қалады екенбіз. Бұл ретте біздің балмұздақ баса тұтынатын кезеңіміз көктем-жаз айларына сәйкес келсе, еуропалықтар оны жылдың кез келген мерзімінде жей береді.
– Тек бірнеше демалыс күндері ғана біздің компания Алматыда 350 000 порция балмұздақ сатты. Осы маусымның және өткен демалыс күндердің хиті – «Бомбургер» хош иісті ваниль кремі мен қант печеньесіндегі құлпынай толтырғышы бар балмұздақ болды. Бұл балмұздақ әсіресе көп эксперименттер мен барлық жаңа нәрселерге құмар жастарға ұнаған болса, сатып алушылар якут мүкжидек пен лингонберри қосылған сергітетін эскимо «Мишка на полюсе» классикалық пломбирін бағалады. Bahroma Шығыс топтамасының бағалаушылары «Маффин вишня –шоколад», «Чизкейк анар-таңқурай», «Матча-макарун» деп аталатын балмұздақтың ерекше үйлесімдерін ұнатты», – деді «Шин-Лайн» компаниясының Басқарма Төрағасы Дмитрий Докин.
Соңғы жылдары Қазақстан балмұздақ тұтыну көлемі бойынша еуропалық тұтыну көлеміне жақындай түспегенмен, оның әдеттегіден тыс көп алатын болған жән оларды бұрынғы порциялық қаптамаларда ғана емес, отбасылық тұтынуға арналған үлкен балмұздақ түрінде жиі сатып алатын болған. Сатып алушылардың таңдауы үшін өнім ассортиментінің көп болуы да маңызды болады. Солайша, Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Моңғолия балмұздақ сүйетін тұрғындары «Шин-Лайн» өнімдерінің алуан түрін бағалаған. Тек ірі бөлшек сауда желілерінде ғана емес, сонымен қатар үй дүкендерінде, кафелерде сату секілді балмұздақ саудасының әр түрлі форматтарына бейімділеу жергілікті нарыққа да жеткен. Жылы мезгілде балмұздақ саябақтар, жаяу жүргіншілер көшелері секілді көпшілік жүретін орындарда орнатылған тоңазытқыш сөрелерден сатылады. Өнімді сақтау және тасымалдау шарттарын талап ететін өндірушілердің міндеті – балмұздақты сатып алушыларға сыртқы түрін зақымдап алмай, жоғары сапаны сақтай отырып, өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық жолда пайдалы қасиеттерін жоғалтып алмай жеткізу болып табылады.
Бүгінгі таңда Шин-Лайн балмұздақ нарығы жетекшісінің құзіретінде қажетті температураны ұстап тұратын тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған жаңа брендтік автомобильдер паркісі бар. Бұл балмұздақты зауыттан сауда нүктелеріне ғана емес, сонымен қатар жеке өтінімдерге де жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Компания сондай-ақ, нәзік десерттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерге, дүкендерге тоңазытқыш жабдықтарын жеткізе отырып, көмектеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!