HALYQLINE.KZ 2019-2020 оқу жылының соңғы сәттерін қашықтан оқыған оқушылар үшін бүгін алтын ұясымен қоштасу салтанатты шарасы басталады. Алдағы ҰБТ сынағына да дайындық тас-түйін секілді. ҚР БҒМ берген кей мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.
📌Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
📌ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.
📌Жаңашылдықтар:
🧷Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
🧷Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
🧷SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
🧷Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;
🧷Болашақ педагогтер үшін шектік балл – 70;
🧷ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
🧷ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор (есептегіш құрылғы) беріледі;
🧷Тестілеу уақыты – 4 сағат.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!