Бүгін 11 мамыр күні «ҰАТ» АҚ базасында ақау болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақау салдарынан Қызылорда қаласының мамандандырылған ХҚКО-да бір талон бірнеше адамға беріле бастады.
«ҰАТ» АҚ мамандары жүйедегі ақауларды ретке келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстың қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!