Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түсіністік түйінді тарқатады

01.04.2020, 15:34 877

Жаһанды жаппай жайпап бара жатқан індеттің ошағына айнал­ған аймақтар қатарына қосылғалы Қызылордада карантин талап­тары күшейтілді. Аймақтың бас санитары арнайы қаулы енгізіп, көптеген қоғамдық орындардың жұмысына шектеу енгізсе, кейбіріне жұмысты­ тоқтату туралы шешім қабылдады. Облыста індеттің алғашқы дерегі тіркелген күні-ақ ресми органдар мәлімдеме жасап, қала және облыс­ тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдай режимін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Қызылорда қаласының әкімдігі жанындағы баспас­өз орталығында өткен шұғыл брифингке қала әкімінің орынбаса­ры Б.Нұридинов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ернұр Бихожаев және «Nur Otan» партиясы мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.­

– Президент  тапсырмасына  сәйкес республика көлемінде төтенше­ жағдай жарияланды. Осы ретте тұрғындарды көпшілік орындарға­ бармауды, топтасып той жасап, жиналып әрекет етпеуге шақырамын. Сондай-ақ, түрлі әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан­ қауесеттерге сенбей, ресми органның мәліметтеріне ғана сенуді­ ескертемін. Өйткені жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкер­шілікке әкеп соқтырады. …Айта кетейік, «Біз біргеміз» республи­калық акциясына мүше жастар аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты мүгедектер мен зейнеткер­лерге, тұрмысы төмен отбасыларға сәуір айының ортасына дейін әлеуметт­ік  көмектер  көрсетеді. Оның ішінде азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа  қажетті  заттар, медициналық антисептик, бетперде секілді заттар да бар, – деді қала әкімінің орынбасары Б.Балғабай­ұлы.

Ел  бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты көп­теген жұмыс орны тоқтауына байланысты кей отбасылар тұрақты табысы­нан айырылды. Осы ретте жиналған бір топ әйел әкімдік пен партия ғимаратының алдына келіп, түрлі талаптар қойғанынан хабарда­рмыз. Жағдай дәл қазіргідей ушығып тұрған шақта бұлай жүрудің өзі қауіпті екені және заңсыз екені оларға ескертілген.

– Төтенше жағдай қарсаңында тұрғындарға «Бақытты отбасы» орталығына келудің қажеті жоқ. Өйткені, аталмыш орталық құжаттың­  барлық түрін тек онлайн түрде ғана қабылдауда. Маңызды­ құжаттарды тиісті орындардан өзіміз де сұрап алудамыз. Төтенше жағдай уақытында қандай да бір тапшылық туындаған кезде, арнайы санаттағы мұқтаж отбасылар 26-40-05, 26-34-07 қалалық байланыс құралдары немесе 8-771-773-02-97 «WhatsApp» мессенджері арқылы өтініш білдіре алады. Аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы және әлеуметт­ік санатын жазып жіберу керек. Зерделену жұмыстары жүргізілгеннен  кейін тиісті көмек еріктілер арқылы жөнелтіледі, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы  Г.Шамсутдинқызы.

Қазір ел арасында үкімет үлестіріп отырған 42500 теңгені алу туралы­ да жалған ақпарат өріп жүр. Оның барлығына сене берудің қажеті жоқ, нақты әрі анығын сала мамандары айтып берді.

– Төтенше жағдай режиміне байланысты жұмысынан, табыс көзінен ажырап қалған азаматтар орталыққа көптеп келуде. Мемлекет тарапынан 42500 теңге жәрдемақы беріледі деп. Алайда қызметкерлердің, яғни жеке тұлғаның бұл орталыққа келмеуіне де болады. Өйткені әрбір жұмыскер үшін жұмыс орны тарапынан өтінім берілуі тиіс. Бұл ретте қызметкер емес, оның басшысы құжаттарын тапсырып, жұмыс берушісінің әлеуметтік төлемге ие болуына қолғабыс етуі міндеттеледі. Бірақ, бұл төлем ереже бойынша соңғы 12 ай ішінде жұмысшының әлеуметтік сақтандыру қорындағы қаржысы кем дегенд­е 3 ай үзіліссіз аударылған болуы керек, – деді қалалық жұмыспен­ қамту орталығының директоры Е.Бауыржанұлы.

Бүгінде қала бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 3700 отбасы бар, оның 1200-іне – шартсыз, 2500-іне шартты түрде тағайындалған. Бұл санаттағы азаматтарға көмек 4 саты бойынша жүргізіледі. Біріншісі, әр адамға әлеуметтік маман бөлінеді, екіншісі, «WhatsApp» желісі арқылы, үшіншісі, анықтамалық негізде және құжаттарды саралау­  арқылы  жүзеге  асырылады.  Айта  кетейік,  әлеуметтік парақша­ мессенджеріне мұқтаж екенін айтып, жалған хабарлама қалдыру­шылар  да  кездесіпті. Алайда еріктілер тобы мекенжай арқылы­ әлеуметтік жағдайының қандай екенін көзбен көрген соң ғана  аталған  көмектер  беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: