Бүгін төтенше жағдай туралы біраз өзгерістер болды. Шыны керек, қазіргі ахуал еліміздің жаһандық жылдамдыққа әлі дайын еместігін көрсетіп тұр. Оны ел басшысының өзі мойындап отыр.
Біз денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында шұғыл реформа жүргізуіміз керек. Дағдарыстың барлық былықты ашып беретін жақсы қасиеті бар. Біз осыны пайдалануымыз керек, – деп түйді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.
- Кемшіліктеріміз көзге ұрып тұр. Білім және ғылым министрлігі телевизия арқылы сабақ беруге көшті, күлкілі жағдай. Е-gov-тың халі анау. Карантиннен кейін біз осы жағдайлардан сабақ алып, сараптама жұмыстарын жүргізуді басты орынға қоямыз. Бастысы, цифрлы мемлекет болу үшін ІТ саласын қажетті деңгейде жүргізу қажет. Келесі жыл мемлекетті цифрландыру жұмысына жұмсалады, – деді Президент.
Атқарылған жұмыстарға және жүйеге түспеген салаларға көңілі толмаған президент «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының кемшін тұстарын толтыруды міндеттеді. Сондай-ақ, қосымша жұмыстарға артық қаражат бөлінбейді. Карантин аяқталған соң денсаулық сақтау саласын да басты назарға алу керектігін айтқан мемлекет басшысы алдағы дағдарыс кезеңіне дайындықты дереу бастау керек екенін жасырмады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!