Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдай режимін бұзған жат ағым өкілдері жазаланды

01.05.2020, 16:25 508

HALYQLINE.KZ –| 26 сәуірде Қызылорда қаласында түнгі рейд жүргізген полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған 5 деструктивті діни ағымдар өкілін ұстаған.

Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында жиналғандардың уақыт шектеуіне қарамастан топталып, әртүрлі шаралар өткізуге, қонаққа баруға, Рамазан айында қаланың әр тұсында тұратын жолдастарының үйіне ауызашарға баруға әрекеттенгендері анықталды.

Сондай-ақ, ауыз ашу рәсімінен кейін аталған азаматтар кездесуді моншаға түсумен жалғастырғаны белгілі болды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін режимді бұзушылар кінәларын толық мойындады. Осыған байланысты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабының 6-тармағымен хаттама толтырылып, сот шешімімен айыппұл салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: