ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кеше «Whatsapp» желісінде тараған «Бүгін сағат 23:00 мен 05:00 аралығында дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады. Үйдің терезелері мен балкондарын ашуға, сондай-ақ сағат 23:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл жайында «Telegram» желісінде айтты. ⠀
Жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
«Әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпараттарға емес, тек ресми деректерге сеніңіздер», – деді министр.
Нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан, министрлік пен комитеттің «Facebook» парақшасынан оқи аласыздар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!