Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Telegram аудиториясы 400 миллионға жетті

25.04.2020, 17:43 423

HALYQLINE.KZ –| Telegram мессенджері ресми блогында аудиториясының 400 миллионға жетіп, 2020 жылы топтық видеоқоңырау функциясына ден қоятынын хабарлады.

Компанияның айтуынша, пандемия басталғалы Telegram 20-дан аса мемлекетте жиі пайдаланылатын мессенджерге айналған. Күніне Telegram-ға кемінде 1,5 миллион жаңа қолданушы тіркеледі екен.

Мессенджер 2020 жылы видеоқоңырау функциясына назар аударатынын айтты.

«Әлемдік «оқшаулану» сенімді видеобайланыс құралының керек екенін аңғартты. 2020 жылдағы видеоқоңыраулар 2013 жылғы хабарлама алмасуға ұқсайды: сервистер не қауіпсіз болады, не қолдануға ыңғайлы болады, бірақ бұл екі қасиет бірге ешбірінде жоқ. Біз мұның алдын алып, 2020 жылы қауіпсіз видеоқоңырау функциясын жасағымыз келеді», – деп жазған Telegram.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: