Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жөндеу жұмыстарынан кейін Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет зымыран ұшырылды

23.03.2026, 11:20 53

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр ғарыш айлағы аумағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.

Ғарыш айлағындағы №31 ұшыру алаңынан жөндеуден кейінгі алғашқы старт жүзеге асты. «Союз-2.1а» зымырантасығышы «Прогресс МС-33» жүк кемесін орбитаға сәтті жеткізді.

Роскосмос мәліметінше, ұшу кезеңдері штаттық режимде өткен. Кеме есептелген орбитаға жеткізіліп, зымыранның үшінші сатысынан ажыратылған. Бұдан кейін оның антенналары мен күн батареялары толық ашылған.

Алдын ала жоспарға сәйкес, 24 наурыз күні «Прогресс МС-33» Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне түйісіп, шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді.

№31 ұшыру алаңы – Байқоңырдағы ғарыш кемелерін ұшыруға арналған жалғыз кешен. Өткен жылдың қараша айында дәл осы жерде ұшыруға дайындық кезінде зымыранның төменгі бөліктерімен байланыстыратын қызмет көрсету кабинасы құлаған.

Наурыз айының басында Роскосмос алаңдағы қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанын хабарлап, нысан қайта пайдалануға берілгенін мәлімдеді.

Дереккөз: egemen.kz

Фото: Роскосмом

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: