Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

WhatsApp дауысты хабарды мәтінге айналдырмақ

14.09.2021, 14:10 52 0

HALYQLINE.KZ  «WABetaInfo порталы хабарлағандай, мессенджерде көптен күткен опция – дауысты хабарды мәтін түрінде транскрипциялау технологиясы әзірленгені туралы ақпарат пайда болды» деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай функция қазір ВКонтакте әлеуметтік желісінде бар, онда дауысты хабарлар чат ішінде автоматты түрде шифрландырылады.

WhatsApp-тың функциясы әзірге көпшілікке қол жетімді емес. Бірақ әзірлеушілер iPhone-ға орнатылған WhatsApp-та дауысты қысқа хабардың мәтінге қалай айналатынын көрсетті.

Дауысты хабар алғаш рет мәтінге айналдырылған соң WhatsApp дерекқорында сақталады. Соның арқасында кейін мәтінді қайта оқу қажет болса, оның жүктелуін ұзақ күтпейсіз.

Деректерге сенсек, мәтін онлайн-режимде түсіріледі. Егер дауысты хабар ұзақ болса, оның мәтіні керек жерін ғана таңдауға болады.

Бұл функцияның смартфондарда нақты қашан пайда болатыны және қандай тілдерді танитын болатыны әлі белгісіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: