Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тілім бай, тарихым терең дегеннің бәрі – бос сөз!»

24.05.2020, 10:00 882

HALYQLINE.KZ Шыңғыс ханды бір минут қазақ деп есептейік. Не өзгереді сонда? Марста алма гүлдей ме? Юпитерде жел тұра ма? Екі жердегі екі бес бола ма? Әлде сізден мүйіз шыға ма? Мүйіз шықса қанша сантиметр шығады?

Мен осы мәселені түсінбеймін. Сіз артқа қарап жүрмеңіз, керісінше алға қарап жүріңіз. Бүгінгіні ойлаңыз, ертеңгіні ойлаңыз. Біз мысалы «мәңгілік ел» дегенді жиі айтамыз. «Мәңгілік ел» деген қанша жыл: 1 жыл ма, 10 жыл ма? Қалай біз ол кезге дейін өмір сүреміз?

Менің ойымша, білім іздесеңіз сіз ертеңгінің тірлігімен шұғылданыңыз. Егер сіз біреуді мойындатамын десеңіз, технология жасаңыз. Технократ болыңыз! Сіз жапонның Tayota-сы секілді көлік ойлап табыңызшы. Бұл қолыңыздан келмесе мотоцикл немесе велосипед ойлап табыңыз. Ол да қолыңыздан келмесе дөңгелек ойлап табыңыз. Сонда ғана сізді мойындайтын болады.

Сіз тарихым терең деп айтасыз. Бірақ тарихыңыз өзіңізден басқа ешкімге керек емес. Сіз тарихым терең емес деп айтқан қай елді білесіз? Сіз менің тілім бай емес деп айтқан қай елді білесіз? Сондықтан тілім бай, тарихым терең дегенні

Асқар Жұмаділдаевтің «Парасат майданы»

бағдарламасында айтқан сөзі

Пікірлер:
  • Келісе қоймайтын пікірім бар, біз өзіміз өз бола алмай келе жатқан ұлтпыз, сондықтан өткенімізді түгелдеп, ұлт екенімізді, біздің басқа жұрттан кем емес екенімізді айқындап алу қажет тірлік. Тарихи шындық бұрмаланып жатса, қазақ деген ұлт болған жоқ, ол кешегі большевиктердің қателігі деп жатса қалай жанымызға батпасын? Шыңғысхан дәуірінде қазақ деген ұлт болмаса да айналасындағы тайпалар біздер болсақ, орыс ғалымдарының өздері(шовинистерінен басқалары) орыс мемлекеттігінің негізін салған Алтын Орда хандығы деп отырса біз онан неге бас тартуымыз керек? Жай ғана кеше жиналып ұлт болған тобыр болсақ тексіз болғанымыз ба? Ресейдегілер Трамптың нацизмді жеңген Америка мен Англия деген сөзін естігенде қалай айқай шу көтергенін көріп отырсыздар ғой!? Тарихты бұрмалау қазіргі, және келешектегі болмысқа үлкен әсер етері сөзсіз.
    Ал тойотаға келер болсақ ол бүгін ойлап табылған көлік емес. Кезінде ол да төрт дөңгелегі,қозғалтқышы бар, отарба болған, соңғы 70-80 жыл бойы үздіксіз жетілдіру нәтижесінде қазіргі күйге жеткен. Жапондар табанды, бейнетқор халық. Олар өз тарихын, өткенін қастерлемейді деп ойламаймын. Дәстүрін, иероглифтерін, тілін аса құрметтейтін халық. Ғылыммен өнертабыспен айналыс дегені дұрыс, бірақ ата баба әруағын қастерлеп, тектілікті де ұмытпауымыз керек.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: