Қазіргі таңда аймақта 18 969 бейнебақылау камерасы жұмыс істесе, оның 7 148-і жедел басқару орталығына қосылған. Одан бөлек, облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тиісті сала мамандарымен «Ақылды қала» тұжырымдамасының қауіпсіздік бағыты талқыланды.
Аймақты цифрландыру «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады. Бүгінде облыста 20 дана «Аркан» жылдамдық өлшеуіш құралдары қаладағы жол-қозғалыс оқиғаларының алдын алуға жұмыс істеуде. Сонымен қатар, облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мен «Көркем Телеком» ЖШС мекемесі меморандумға отырып, Қызылорда қаласына пилоттық режимде 100 дана бейнебақылау камерасы және 10 дана «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғысы орнатылып, іске қосылды. Өңірдегі бейнекамералардың артуы қылмыс санының азаюына өз ықпалын тигізуде. Алдағы уақытта 1 400 дана бейнебақылау камерасын, 19 дана интеллектуалды қиылыс пен 58 дана жылдамдық өлшегіш және жедел басқару орталығын қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
– Бейнебақылау камераларының саны артып, толығымен жұмыс істеуі арқылы өңірдегі жол-қозғалыс ережелерін бұзушылықтар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 636-ға азайған. Яғни, жүргізушілердің арасында көлік құралдарын басқару мәдениеті жақсарған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды. Қала бойынша 44 білім беру ұйымы толық бейнебақылау камераларымен, дабыл батырмасы және полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған, – дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Алмат Жүнісов.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!