Қытай Халық Республикасы тек бір ғана чипке негізделген, ұзындығы 3700 шақырымнан асатын әлемдегі тұңғыш ауқымды, хакерленуі мүмкін емес кванттық интернет желісін жасап шығарып, технология саласында тарихи зор жетістікке қол жеткізді.
Дәстүрлі желілерден ерекшелігі бұл инфрақұрылым кванттық механика заңдарына сүйенеді. Сондықтан желіні хакерлеу немесе ақпаратты жолдан ұстап алу (тыңдау) әрекеттерінің кез келгенін сәт заматта анықтау мүмкіндігіне ие.
Бұл жаңа жаңалық үкіметтерге, бизнес өкілдеріне және жеке тұлғаларға бұрын-соңды болмаған қауіпсіздікті ұсынады. Осылайша, қаржылық транзакциялар мен құпия мәліметтерді қандай да бір кибершабуылдан қорықпастан қауіпсіз тасымалдауға жағдай жасап отыр.
Жоғары қауіпсіздіктен бөлек, бір ғана чипке негізделген бұл желі өте алыс қашықтықтарға ақпаратты аса жоғары жылдамдықпен жеткізе алатынын дәлелдеді. Бұл жасанды интеллект (AI) пен бұлтты есептеулердің (cloud computing) дамуын одан әрі жеделдету тұрғысынан үлкен маңызға ие.
Кванттық интернет әлі де даму үстіндегі жаңа технология болғанына қарамастан, бұл тарихи жетістік толық қорғалған онлайн-коммуникация (байланыс) болашағының өте жылдам жақындап келе жатқанын көрсетеді.
Қытайдың бұл инновациясы бұрын-соңды болмаған сенімділікке, ауқымдылыққа және тиімділікке негізделген цифрлық әлемнің бастауын паш етіп, жаһандық технология саласында жаңа стандарт орнатты.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!