HALYQLINE.KZ Қазақстанның халықаралық нөмір теру кодын +7-ден өзгерту туралы мәселе туындамайды, — деп хабарлайды «ҚазТАГ» агенттігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
— Қазақстанның халықаралық телефон кодын өзгерту туралы мәселе жоқ. Неліктен біз Ресей Федерациясымен +7 халықаралық кодын бөлісетінімізді сұрайтын азаматтардан шағымдар келіп түседі. Бұл үндеулерге жауап беру үшін ҚР ЦДИАӨ министрлігі байланыс операторларына тиісті сауалдарды жолдады, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Осыған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның халықаралық нөмір теру кодының өзгеретіні туралы құжаттың фотосуреті тараған еді.
— Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің телефон кодын өзгерту мәселесін зерделеу аясында Қазақстан Республикасының халықаралық кодын +7-ден +997-ге ауыстыру жұмыстары туралы тезірек хабарлауды сұрайды, — делінген байланыс операторларына жолданған құжатта.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!