Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтардың WhatsApp аккаунттары жаппай бұғатталып жатыр

05.08.2026, 10:40 52

Қазақстандық WhatsApp қолданушылары соңғы күндері аккаунттарының күтпеген жерден бұғатталғанына шағымданып жатыр. Мұндай жағдай 3 тамыздан бастап әлемнің өзге елдерінде де тіркелген, деп хабарлайды halyqline.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбір қолданушылар мессенджерге кіре алмай қалғанын, ал экранда аккаунттағы әрекеттер мен құрылғының WhatsApp талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатқаны туралы хабарлама шыққанын айтқан. Тексеру 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бірқатар пайдаланушының аккаунты бірнеше сағаттан соң қайта ашылған.

Meta компаниясы мәселенің барын растады. Компания мұндай бұғаттау жүйесі платформаны теріс мақсатта пайдаланатын аккаунттарды анықтау үшін қолданылатынын, алайда кейде қателік кететінін мәлімдеді.

«Біз қызметімізді теріс мақсатта пайдалануға тырысатындарды анықтау үшін аккаунттарды тұрақты түрде бұғаттап отырамыз. Кейде қателіктерге жол беріледі. Мұндай жағдайда пайдаланушылардың байланысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге тырысамыз», деді Meta компаниясы.

Компания қанша аккаунт бұғатталғанын және оқиға нақты қанша елді қамтығанын жариялаған жоқ. Қазір қате бұғатталған аккаунттарды кезең-кезеңімен қайта іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: