Қазіргі таңда қоғамда әртүрлі жаңалықтар болуда. Оның ішінде расы да, өтірігі де, қызықтысы да, ескісі де бар.
Ақпарат өзінің өзектілігімен, жаңашылдығымен халық арасына жол тартады. Біз ол ақпараттарды қайдан көреміз? Қай жерден тыңдаймыз? Көбінде саясат жаңалықтарын, қоғам жаңалықтарын теледидардағы кешкі жаңалықтардан көріп, естіп жатамыз. Әрине, теледидардан көрсетілетін жаңалықтар дәлелді, өзекті болуы шарт. Себебі, онда саясатқа қызмет етушілер араласуымен болған жаңалықтар көрсетіледі. Сонымен қатар, газет, журнал, радио секілді ақпарат көздері де халық үшін өз жұмыстарын жақсы атқару үстінде. Біз бұл ақпарат көздерінен нақты, пайдалы жаңалықтар аламыз.
Жаңалықтардың біз үшін маңыздылығы неде?
Біз күнделікті қоғамда болып жатқан ақпараттар арқылы әрекет етеміз, өзімізге ескертулер жасай аламыз. Өткен тарихымызға оралсақ, халық арасында айтарлықтай жаңалықтар бола алды деп айту қиын. Олай дейтініміз, адамдар тек бірізділікпен өмір сүрген, нақты бір ережелерді ғана ұстанған десек те қате айтқандық емес. Жаңалық болғанның өзінде ол тек ауыздан ауызға тарап отырған.
Жаңалық неден, қалай пайда болады?
Әрине, өзіміздің жасап жатқан әрекетімізден, кейде тілден табатын артық сөздерден. 21 ғасырды ақпарат ғасыры деп алсақ қате емес. Адам да, заман да бұрынғыдай емес, өзгерістер күннен күнге болып жатыр. Тіпті, кейбір әңгімелерді естіп төбе шашымыз тік тұрады. Алайда кейде жалған жаңалықтарды естіп медиа сауаттылығымызды жоғалтып, сеніп қалып жатамыз. Оған қоса, жалған жаңалықтар тез тарап кетеді. Жалған жаңалықтар адамдар тез сеніп, тез таралуы үшін қызықты етіп ойдан шығарылады. Біз жалған ақпаратты теледидардан, газет-журналдан болмаса радиодан тыңдамаймыз. Олар тек ұялы телефондар арқылы халық арасына тарайды. Себебі хакерлердің ең қолайлы құралы – осы телефон. Онда еркіндік те, жылдамдық та басым. Кейде өтіріктің арты ашылып, соттасып та жатады. Осы уақытта ақпараттың рас өтірігін білу үшін медиа сауатты болудың пайдасы зор. Себебі ақпарат дәл тағам секілді адамға пайдасын да, зиянын тигізеді.
Қазіргі таңда ақпараттық тұтыну шектен тыс көп. Оны кейбірі ажыратса, кейбірі сеніп қалып жатады. Жаңалықтың рас-өтірігін ажырата білетін адамды медиа сауатты адам дейміз. Ал оған сенетін адамдар көбінде оны таратып, кейде күйзеліске түсіп жатады. Мысалы, «жақында коронавирус өршіп, адамдарға үлкен қауіп төніп тұр» дейтін болсақ. Дәл қазіргі күннен бастап үйлерінен шықпай қамалып, тіпті өз үйлеріне жақын туысын кіргізбеуге дейін баратын адамдар кездеседі. Бұл оның өзіне жасаған зиянды әрекеті болып табылады. Адамзатты басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын ақылы мен санасы және сол екеуінің ортақ жемісі- сөз. Ақпаратқа кім не болса, сол әлемді билейді.
Ақбота КЕҢЕСБЕК,
Мәншүк Мәметова атындағы
Қызылорда педогикалық жоғары колледжінің студенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!